Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлердің қолынан көз жұмған Джордж Флойдтың коронавируспен ауырғаны белгілі болды

Миннеаполисте полицейлер ұстау кезінде көз жұмған Джордж Флойд коронавируспен ауырған. Мұны тәуелсіз сот-медициналық сараптаманың нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life shot Telegram-каналына сілтеме жасап.

Мәйітті ашып қарау барысында симптомсыз өткен коронавирус оның өліміне себеп болмағанын көрсетті. Дәрігердің қорытындысына сәйкес Джордж мойынына түскен қысымнан тұншығып көз жұмған.

АҚШ-та Миннеаполисте полиция қолынан көз жұмған Джордж Флойдтың өлімінен кейін наразылықтар басталды.

Ғаламторда полицейлер Флойдтың қолына кісен салып, оның мойнына тізесін қойғаны түсіп қалған видеолар пайда болды. Видеода Флойд дем ала алмай, тұншығып бара жатқанын бірнеше мәрте айтқан. Ол реанимацияда көз жұмды. Бұл оқиғадан кейін төрт полиция қызметкері жұмыстан босатылды, ал олардың біреуіне кісі өлтірді деген айып тағылды.
 

Талқылау