Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер зейнеткерді өлтірмек болған мысықты ұстады

Жапонияның оңтүстігіндегі аудандардың бірінде 82 жастағы зейнеткер Маюко Мацумотоға қастандық жасалған. Полиция қызметкерлері қаңғысбас мысықты күдікті ретінде тіркеді. Мамандардың айтуынша, мысық төсекке танылған зейнеткердің бетіне терең жарақат қалдырған болуы мүмкін, – деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Зейнеткердің қызы анасының үйіне келгенде, оны қансырап жатқан жерінен тауып алған. Қызы анасын бірден ауруханаға жеткізген. Алайда зейнеткер мылқау болғандықтан, кімнің құрбаны болғанын айтып бере алмады.

Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарының барсыныда Маюко Мацумотоның үйіне ешкімнің заңсыз басып кірмегенін анықтаған. Мұнан кейін егде жастағы әйелдің бетіндегі жарақатты мұқият зерттеуге мәжбүр болған. Нәтижесінде зейнеткерді кәдімгі мысық жарақттаған деген болжам жасалды.

Артынша мамандардың болжамын растайтын дәлелдер пайда болды. Полицейлер зардап шегушінің үйіне жақын маңда жүрген мысықтың денесінен қанға ұқсас дақтарды байқаған. Ендігі мысық денесіндегі дақтарға талдау жасалуда.

Оқи отырыңыз:

Махаббат құдіреті: Жыртқыш ұрғашы арыстанға ұнау үшін туристерге шабуыл жасады (видео)

Интернет сервис қыздарға қауіпті қонақүйлердің сайтына арнайы белгі қоймақ

Үндістанда мотоциклшілердің бензинін ұрлап ішіп келген маймыл ұсталды (видео)

9 жасар қыз ата-анасы ұйықтап жатқанда Disneyland саябағына билет сатып алған

Талқылау