Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында полицейлер мен жастар "Қарағанды есірткіге қарсы" науқанын ұйымдастырды

Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Қарағанды қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп "Қарағанды есірткіге қарсы" акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Акция "Шахтер" стадионында өтті. Оған "Жасыл ел – 2024"жастар еңбек жасағының жауынгерлері қатысты. Қарағанды бойынша қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысатын осындай тоғыз жасақ жұмыс істейді. Қазір олардың өкілдері 500-ден астам ұлдар мен қыздар – "Шахтер"стадионына келді.

“Науқан Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған айлықтың шеңберінде өткізіледі. Оның мақсаты – жастарды есірткіге қарсы күреске тарту. Жыл басынан бері бес жасөспірім есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Интернет-арналар арқылы есірткі сатушылар өз желілеріне жастарды тартады. Ал қазір басты міндет – жас ұрпаққа есірткінің зұлымдық екенін жеткізу, – дейді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Іс-шараларды облыс ПД ЖҚАЖ жауынгерлері ашты. Өз көрсетілімдерінде олар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті, бұл балалардың бойында жарқын көңіл-күй тудырды. Облыстың ПД кинологиялық қызмет орталығының инспекторлары мен олардың төрт аяқты көмекшілерінің шығуы үлкен қуаныш сыйлады. Қызметтік иттер есірткі іздеуде жоғары кәсіби қабілеттерін айқын көрсетті. Содан кейін "Жасыл ел" еңбек жасағының жауынгерлері тимбилдингке белсене қатысты. Үздіктер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

“Мен және менің достарым спортпен белсенді шұғылданамыз, салауатты өмір салтын ұстанғанды жөн көреміз. Біз әрқашан есірткіге қарсы болдық. Жастарды біріктіретін осындай іс-шаралар біздің қаламызда мүмкіндігінше жиі өткізілгенін қалаймын, - дейді 10-сынып оқушысы Әділхан Қадір. 

Акция батпырауықтарды ұшырумен аяқталды.

 

Талқылау