Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлер күш көрсетуде: Наразылыққа шыққан ақтаулықтар алаңға киіз үй тікті

Ақтауда полиция қызметкерлері наразылыққа шыққандарды қуған сәті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақтау

Mangystau_aktau_online Instagram парақшасының хабарлауынша, полиция наразыларға қарсы күш қолдана бастаған. Куәгерлер түсірген видеода тәртіп сақшыларының ереуілдеушілерге қарсы тұруға тырысып, оларды қоршап, қысым жасап жатқаны байқалады.

Бұған дейін БАҚ-та ұлттық ұлан жауынгерлері жасақталып, Маңғыстауға жіберілгені жайлы ақпарат тараған болатын. 

Сұйытылған газ бағасының түсіруді талап еткендер Ақтау-Жетібай тас жолын жауып тастады. Олар тіпті алаңда киіз үй тігіп, қазанға палау жасай бастаған.

Lada.kz порталының хабарлауынша наразылыққа шыққандардың саны жүзден асады.



2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі екі есе қымбаттаған сұйытылған  газдың бағасын төмендетуді талап етті.

Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.

Бірақ халық түсіндірмеге қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.

Талқылау