Полицейге ғашық болып қалған қазақстандық бойжеткен оған есірткі әперемін деп жеті жылға сотталды

Фото: depositphotos.com
Оралда бойжеткен есірткі сатуға көмектесті деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі uralskweek.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс материалдары бойынша, бойжеткенге сүйген жігіті көмектесші деп өтініш айтқан. Артынша жігіттің “жасырын қызметтегі” полицей екені белгілі болды.
Қорғау тарапының айтуынша, полицейдің өзі қызды есірткі алуға көмектесуге үгіттеген. Полиция қызметкері "кейде өзім қолданамын” деген желеумен, қыздан мефедрон тауып беруін өтінген. Алғашында қыз бұл өтінішті орындай алмайтынын айтқан. Алайда кейін танысының бірінен көмек сұрауға келіседі.
Полицей Путин: Маңғыстаулық азамат желіде есімімен жұртты таңғалдырды
Сот деректеріне сәйкес, қыз танысына хабарласып, досына көмектесуін өтінген. Нәтижесінде, қыздың қатысуымен 5 грамм мефедрон полицейдің қолына тиген. Бұл арнайы операция аясында бейнежазбаға түсіріліп, қыз ұсталған.
Сараптама қыздың өзі есірткі қолданбайтынын және емдеуді қажет етпейтінін анықтаған. Соған қарамастан, сот оның әрекетін есірткі сату ісіне жәрдемдесу ретінде бағалады.
Осы оқиғадан кейін "сүйіктісі" болған жасырын полицей із-түссіз жоғалып кеткен. Қыздың адвокаттары сот үкімімен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін желіде полицейлердің ұсталғандардың қалтасына "белгісіз зат" салып жіберген видеосы тараған еді.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды