AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полицей күйеуім алты жыл бойы ұрып-соқты": Ер адам сотқа әйелінің үстінен шағым түсіріп, жеңіліп қалды

Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері бұрынғы әйелін сотқа беріп, БАҚ-та жарияланған ақпаратты жарамсыз деп тануды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Орал апталығы" басылымына сілтеме жасап.

Былтыр полицейдің бұрынғы әйелі Әсел басылым журналистеріне алты жыл бойы күйеуінен көрген  қорлығы жайлы айтып еді.

Материал БАҚ-та жарияланғаннан кейін ер адам бұрынғы әйелін сотқа берді және мақаланың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ол әйелден бір миллион теңге талап етті.

Сот процесінде бұрынғы әйелінен басқа, “Орал апталығының” редакторы мен журналистері жауапкер болды.

Әйелдің адвокаты талап қоюдан бас тартуды өтінді, өйткені ұрып-соғу фактісі іс материалдарына тіркелген құжаттармен расталды. Журналистер мен портал редакторы да сот ісінен бас тартуды сұрады. Себебі олар жарияланған ақпарат рас екеніне сенімді болды.

Облыстық соттың судьясы Хатима Ерсенова іс материалдарын зерттеп, экс-полицейдің арызын қанағаттандырмады. Негізі сот сараптамасы болды, ол бұрынғы күйеуі Әселді ұрғанын растады.

"Оған затпен зақым келді, беті, арқасы және қолдары көгерді, сонымен қатар сараптама жәбірленушінің миы шайқалғанын анықтады", – деді облыстық соттың судьясы.

Ерсенова Әселдің өтініші бойынша ер адамға қатысты әкімшілік және қылмыстық істерді де зерттеді. Сот материалдарды қарау барысында оларда сипатталған барлық оқиғалардың орын алғанын анықтады.

Бұрынғы полиция қызметкерінің талап арызын сот қанағаттандырусыз қалдырды.

Сотта Әсел бұрынғы күйеуі әлі күнге дейін оны қудалап, “өлтіремін” деп қорқытқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін әйел әлеуметтік желіде күйеуі соққыға жыққаннан кейінгі суретін жариялаған еді. Әсел күйеуі бірінші рет қызы 4 айлық болған кезде қол көтергенін айтты. Әйелдің айтуынша, күйеуі алты жыл бойы ұрып-соққан. Әсел ауруханаға түскеннен кейін отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтуды жөн санады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр