Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Погонын жұлып алған": Түркістан облысында жүргізуші полицейді балағаттады

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жол үстінде ұсталған жүргізуші полиция қызметкерінің погонын жұлып алып, оны балағаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде орын алған. Полиция инспекторлары әйнектерін қаранғылап алып, нөмірсіз кетіп бара жатқан Daewoo Nexia көлігін байқаған. Көлік жүргізушісі полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, үйіне қарай көлікпен қашып кетпек болған. Полицейлер құқық бұзушыны қуып жетіп, тоқтатты.

Одан әрі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтыру кезінде ол полицейдің киіміндегі погонын жұлып алып, полицейді балағаттай бастаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі "Билік өкілін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау