"Плиткалар құлап жатыр": Күлгінов елордадағы жаңа үйлерді сынға алды
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша елордада 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөндеуден өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Күлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол ескі тұрғын үй бойынша ғана емес, сонымен қатар жаңа үйлер бойынша да мәселелер бар екенін атап өтті.
"Онда плиткалар құлап жатыр. Бұл үйлермен де айналысамыз. Мысалы, "Инфинити", "Территория комфорта-2", "Орбита", "7 бочек" және т. б. сияқты тұрғын үй кешендері. Мемлекет күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөледі, содан кейін бұл қаражат тұрғындар арасында 15 жылға дейінгі мерзімге бөлінеді", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Жаңғырту бағдарламасы - бұл қайтарымды қаражат. Жұмыс құны туралы әзірге хабарланған жоқ.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн