Пластиканың әлемдегі ең танымал құрбаны Джоселин көңілдесіне қайшы сұғып өлтірмек болды (фото)
Пластикалық отаның ең танымал құрбаны Джоселин Вильденштейнді бүкіл әлем «мысық-әйел» ретінде таниды. Жуырда танымал әйел сот алдында жауап берді. Себебі 76 жастағы миллиардер әйел өзінің 49 жастағы көңілдесі Ллойд Клейнді өлтірмек болған. Оқыс оқиға әйгілі Трамп мұнарасында болған. Манхэттендегі биік мұнарадағы құны бес миллион доллар болатын пәтерлердің бірі Джоселинге тиесілі.
Романтикалық кештің соңында ғашықтар қатты ұрысып қалады. Миллиардер әйел әлеуметтік желіде өзгелердің суреттерін лүпілдетіп отырған жігітіне ашуланды. Ол ашынасы өзіне көңіл бөлмегендіктен де қылмыстық әрекетке барған, деп жазды “Комсомольская правда”.
Ақырында өз өзін ұстай алмаған әйел сүйіктісінің бетін тырнап, одан кейін балқытылған балауызды бетіне шашып жіберген. Артынша қайшымен ер адамның кеудесіне екі рет соққы жұмсаған.
Шошып қалған Клейн сүйіктісін киім бөлмесіне итеріп жіберіп, полиция шақыртқан. Джоселин тез арада полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның үстінен хаттама толтырылды. Сол сәтте әйелді суретке түсірген фотографтың қолы дірілдеген деседі. Ол пластикалық ота құрбанының сырт келбетінен шошынып қалса керек-ті.
Бұдан кейін миллиардер әйел Нью-Йорк сотының алдында жауап берді. Онда ол кінәлі деп танылды, содан кейін кепілге ақша төлеп босатылып шықты. Джоселин түрмеден қорғаушысымен бірге шықты және папараццидан тығылу үшін бетін бүркемеледі.
Канадалық дизайнер Ллойд Клейнмен Джоселин соңғы 13 жыл бірге тұрған. Ер адам өзінің сүйіктісінен 27 жасқа кіші. Алайда әйелдің байлығына мастанған ол үшін жас маңызды болмаған секілді.
Тағы бір айта кетерлігі, Ллойд пен Джоселинді біріктіретін ортақ нәрсе – пластикалық отаға деген құмарлық. Клейн алдағы уақытта Джоселинмен бір үйде тұрмайтынын, ол өміріне қауіп төндіретінін мәлімдеді.
«Негізі ол жақсы адам, бірақ кез келген нәрсеге ашуланып шығады», – дейді Ллойд. Өз сөзінде ол Виндельштейннің үстінен сотқа арызданатынын айтты.
Джоселин Вильденштейн пластикалық отаның нағыз «майталманына» айналған. Оның денесінде пышақ тимеген мүшесі қалмаған.
Джоселин Периссе 1940 жылы Швейцарияның Лозанна қаласында дүниеге келген. 1978 жылы ол арт-дилер, миллионер, жылқы малын асыраайтын Алек Вильденштейнге тұрмысқа шықты. Алғаш рет Джоселин жастығын ұзарту және күйеуін жоғалтып алмау үшін ота жасатты. Одан кейін пластикамен «ауырды». Алекті таңғалдыру мақсатында түр-әлпетін арыстанға ұқсатып жасатты. Оған себеп Вильденштейннің арыстанды жақсы көруі, аңшылықты өзіне серік етуі.
Бірнеше жылдың ішінде Джоселин қасы мен қабағын өзгертіп, көз қиығын «мысықтардікіндей» етіп өзгертті. Беті мен иегіне имплант салдырды, ернінің пішінін және бетінің ортаңғы бөлігін өзгертті. Алғашқы отадан кейін-ақ әйелін көрген күйеуі шошып қалды. Ақыры Джоселин некесін сақтап қала алмады. Алек Джоселиннен 21 жастағы орыс моделі Люба Ступаковаға кетіп қалды.
Вильденштейн ханым да үнсіз қалмады. Ал олардың ажырасуы ХX ғасырдағы ең атышулы оқиғаға айналды. Жұп 1999 жылы ажырасып, Джоселин 2,5 миллиард долларға ие болды. Одан бөлек, оның шотына 13 жыл бойы жылына 100 миллионнан түсіп отырды.
Ақшаны әйел бағалы заттарға, жаңа операцияларға және көңілдесіне жұмсады. Джоселин, тіпті, қандай пластикалық ота жасату керектігін айтып, әйелдерге кеңес беріп отырды.
Сондай-ақ, Вильденштейн пластикалық отаның адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін мойындады. Десе де бет әлпетін өзгерту үшін ол бәріне де дайын екенін аңғартты.
Жіберіп алмаңыз:
Кездейсоқ миллион долларға ие болып шыға келген жігіт қиындыққа толы өмірі туралы айтып берді
Америкалық азамат лотерея билеттерін сатушының қателігінен миллион доллар ұтып алды
“Мәңгілік алау” отына табамен картоп пісіргендер іздестіріліп жатыр (видео)