Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Плагиат әндер бар": Айдар Тұрғамбек өзбек ағайындардың туындысын көшіріп алғанын мойындады

Айдар Тұрғамбек өзбек ағайындардың туындысын көшіріп алғанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Плагиат әндер бар: Айдар Тұрғамбек өзбек ағайындардың туындысын көшіріп алғанын мойындады

"Жігіттер" квартетінің мүшесі біреудің әнін ұрлау бассыздыққа жатады деп санайды. Әр әннің артында үлкен еңбек жатуы керек, ал көшіріп алу еңбекке жатпайды дейді ол. Алайда, өзінің де плагиат әні бар екенін жасырмады әнші.

"Плагиат әндер бар. Бірақ мен оны еңбек деп есептемеймін. Ол біреудің дайын ойын ұрлау, пайдалану. Менің бір плагиат әнім бар. Өзбекше ән. Бірақ мен оны еш жерде айтпаймын. Ол маған бала күнімнен ұнаған. "Сені сағындым" әнін қатты айтқым келгендіктен, айтып көрдім", - дейді Айдар Тұрғамбек. 

Плагиат жасау туралы ауыр сөз айтқысы келсе де, әнші өзіне тиіп кететінін біліп тоқтаған. Тіпті "Жігіттер" квартетінде де көшірілген иранның әні бар көрінеді. Осылайша, Айдар Тұрғамбек ағынан жарылды. 

"Дайын нәрсені пайдалануды дұрыс деп есептемеймін. Алайда, өзімде бар болғаннан кейін қатты айта алмаймын. Бізде "Жігіттерде" плагиат ән бар. Ол тек тойда айтылатын әндер. Иранның әні", - дейді Айдар Тұрғамбек. 

Талқылау