Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Питер Штурм "Қала маңындағы тасымал" АҚ қызметкерлерімен кездесті

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Питер Штурм "Қала маңындағы тасымал" АҚ ұжымымен кездесу барысында қала маңындағы тасымалдарды дамыту бойынша өз ойымен бөлісті.

Кездесу барысында Бас директор қызметкерлердің жаңа кеңседегі жұмыс жағдайымен танысып, жұмыс істеу үшін барлық қажетті шарттар жасалғандығын атап өтті.

"Қала маңындағы тасымал Жолаушылар тасымалы филиалына түрлендіре отырып, Қазақстан ішіндегі ішкі маршруттарды дамыту және сервис деңгейін арттыру бойынша сіздердің алдарыңызда енді үлкен міндеттер тұр", - деді Питер Штурм.

Сондай-ақ, Бас директор Питер Штурм "Қала маңындағы тасымал" АҚ филиал мәртебесін алғаннан кейін, жолаушылар тасымалының сервистік қызметтерінің барлық стандарттары қала маңындағы пойыздарға да бірдей қолданылатынындығын да атап өтті.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өткен жылдан бастап жолаушылар жылжымалы құрамын дамыту, маркетинг және сату, операциялық тиімділік, клиентке бағдарлану және жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, өзгерістерді басқару бойынша жобаларды іске асырып жатқандығы белгілі.

Өз кезегінде "Қала маңындағы тасымал" АҚ басшылығы мен ұжымы "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорына қолдау білдіргендігі үшін алғыстарын білдірді: 

"Айтар алғысымыз шексіз! Сіздің қамқорлығыңыз - біз үшін аса маңызды. Бізге деген беріп отырған бағаңыз жұмысымызға үлкен серпін беретіндігі сөзсіз. Қала маңындағы тасымалдың жаңа мәртебесі бізге қала маңындағы қатынастарды дамытудың жаңа тұжырымдамасы бойынша тиімді және жемісті жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деді "Қала маңындағы тасымал" АҚ Бас директоры С.Табынбаев.

Талқылау