Пышақтап өлтірген: Автобустағы төбелес кісі өліміне әкелді
Ақтөбенің автобусындағы жанжал адам өліміне алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеп.
Қылмыс 29 тамызда қала орталығында болған. Автобуста екі жас жігіт сөзге келіп қалған. Аялдамалардың бірінде олар сыртқа шығып, төбелескен. Бір сәтте бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Қанды қол оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Ал зардап шегуші қайтыс болды.
Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынды. Қайтыс болған 21 жастағы жігіттің артында жүкті әйелі қалды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”