Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пышақпен қорқытқан: Алматыда тек қыздырды аңдып, тонап келген ұры ұсталды

Алматыда жалғыз жүрген қыздарды тонап келген 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол нәзік жандыларды пышақпен қорқытып, бар бағалы затын тартып алып отырған. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті кешкісін тек жалғыз жүрген қыздардың ізіне түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Ол қараңғы түскенін күтіп, әлсіз құрбандардың ізіне түсіп отырған. Бұл қарақшының әдеттегі тәсілі. Шабуылдаушы жұмысынан қайтып келе жатқан қыздарды жасырын түрде аңдып, тұрғын үй подъезіне жеткенде қорқыта бастайды. Қыздардың сырғасын, алқасын, ұялы телефон, сағат, ақшасын тартып алады. Кейде сөмкесін алып қашып кетіп жүрген», - деді Алматы полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің басшысы Еркін Іңкәров.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тұтқындау кезінде ер адамнан асхана пышағы табылды, дейді полицейлер.

«Ұқсас қылмыстар бірнеше рет жасалғандықтан және бұрын сотталғандығын ескере отырып, біз бұл адамнан басқа әйелдер зардап шегуі мүмкін деп санаймыз», - деп хабарлады департамент.

Осы адамның заңсыз әрекеттерінің құрбаны болған азаматтар болса, полицияға хабарласуын сұраймыз. 254-40-42; 8-707-888-11-50; 8-771-456-27-93; 8-771-288-88-14; 8-708-740-50-60 немесе 102.

Талқылау