PISA: Ақтөбе облысы үздік бестікке кірді
Ақтөбе облысының PISA зерттеуіндегі көрсеткіші математикадан облыстар кесіндісіндегі позициясы артып, үздік бестікке кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстың білім басқармасының 5 желтоқсанда 2022 жылы өткен PISA халықаралық зерттеуінің қорытындысы белгілі болған еді. PISA - білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтайды, ол әр 3 жыл сайын өткізіледі. Қазақстан бұл зерттеуге алғаш рет 2009 жылы қатысқан.
Биыл Қазақстан 81 елдің ішінен алғаш рет ТОП-50 елдің қатарына кірді.
Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының алғашқы мәліметтері бойынша еліміздің 2022 жылғы көрсеткіштері 2018 жылмен салыстырғанда 2 бағыт бойынша жоғарылаған: математикалық сауаттылықтан +2 балл, ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтан +26 баллға, оқу сауаттылығынан айырмашылық жоқ.
Ақтөбе облысының көрсеткіштері 2018 жылмен салыстырғанда 3 бағытта да жоғарылаған. Әсіресе өсім жаратылыстану мен математикадан байқалады. Математикадан облыстар кесіндісіндегі позиция артқан, үздік бестікке енді.
Мемлекеттік тілдегі аймақтық нәтижелер, пәндік ерекшеліктер, қала-ауыл айырмашылықтары бойынша толықтырылған талдау күтіліп отыр.
Бұл зерттеуге кездейсоқ таңдаумен 32 білім беру ұйымы қатысты: 26 мектеп пен 6 колледж. 26 мектептің 10 (38,5%) – ауыл мектептері.
Бұл нәтижелер білім басқармасының аппараттық жиналысында білім бөлімдері мен колледждердің басшыларымен талқыланды, 2025 жылғы PISA зерттеуіне, 2024 жылғы PBTS зерттеуіне дайындық бойынша нұсқаулар берілді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
