Pfizer Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті: Вакцинаны кім алады
Pfizer-BioNTech Comirnaty (Комирнати) вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеу куәлігін алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 23 тамызда "Комирнати" вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді.
Демек, Қазақстанда осы препаратпен ел тұрғындарын вакцинациялауға рұқсат етіледі дегенді білдіреді.
Тіркелген коронавирустық вакциналардың тізімін мына жерден көруге болады.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын бірінші кезеңде 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдер ала алатындығы туралы хабарлаған болатын.
Бұл ретте балаларды вакцинациялау тек ата-аналарының немесе заңды қамқоршыларының рұқсатымен ғана жүргізілетін болады.
Ведомство вакцинация әлі басталмағанын атап өтті. Нақты мерзімдер туралы кейінірек хабарланады.
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда бірінші компонентпен – 6 669 969 адам, екінші компонентпен – 5 438 316 адам вакцинацияланды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
