Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

PETROSUN 150 000 тоннадан астам "әлеуметтік мазут" жеткізетін болады

PETROSUN 2023-24 жж. жылыту маусымы аясында жеткізілетін "әлеуметтік мазут" көлемін арттыруда. Компания 154 мың тонна отын жеткізуге ниетті.  Бұл бүкіл республика бойынша әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелердің қажеттіліктеріне қарай жеткізуге жоспарланған отынның жалпы көлемінің шамамен 59 %-ын құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көлемнен 5 пайызға артық.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен "2023-24 жж. күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазутты жеткізу үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі ресурстарын ұстаушыларға бекіту кестесіне" сәйкес және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сай әлеуметтік отынның жалпы көлемі 262 мың тоннаны құрады. 

"Әлеуметтік мазут" ҚР Энергетика министрлігі бүкіл жылыту маусымына ұсынған бағамен жеткізуді білдіреді. Сонымен бірге, "әлеуметтік мазут" пен ішкі нарыққа және экспортқа  коммерциялық келісімшарттар бойынша жеткізуге арналған мазут бағаларының диспаритетінің  айтарлықтай айырмасы бар. 

Әлеуметтік жауапты компания бола отырып, PETROSUN солтүстік өңірлердегі қалыптан тыс аяздар және ЖЭО апатты тоқтатылған кезеңінде (2022-2023 жылдардағы жылыту маусымы) уәкілетті орган – Энергетика министрлігінің бастамасын қолдап, жылумен жабдықтау ұйымдарына төлем мерзімінің 5 айға дейін кейінгі қалдырылуымен мазутты жеткізіп тұрды.

Осындай жеткізілімдердің бірі бойынша PETROSUN алдындағы берешек әлі өтелмеген.
Естеріңізге сала кетейік, сол кезеңде PETROSUN 146 мың тонна көлеміндегі "әлеуметтік мазут" жеткізілімін қамтамасыз етті, бұл жеткізуге жоспарланған отынның жалпы көлемінің 68%-ын құрайды.

Анықтама үшін: "PETROSUN" ЖШС 2012 жылдың қаңтарында құрылған. Компания "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-тың және "Қазақстандағы ҚҰМК Интернационал" ЖШС-тің еншілес ұйымы болып табылады. Қызметінің негізгі түрлері ҚР аумағында мұнайды, газды, мұнай өнімдерін және ЖЖМ-ды сатып алуды және өңдеуді, оларды ішкі және сыртқы нарықтарда өткізуді қамтиды.

Талқылау