Петропавлдық кәсіпкерлер депутаттармен бағаның өсу мәселесін талқылады
Петропавл, 3 шілде. Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында "CТ Assembly" ЖШС және "Петропавл электротехникалық зауыты" ЖШС ұжымымен кездесті.
CLAAS комбайндарын шығаратын "CT Assembly" кәсіпорнындағы еңбек ұжымында Ержан Бейсенбаев инфляцияны тежеу және бағаны мемлекеттік реттеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметтері үшін төлемдердің дұрыс есептелмеуі сияқты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ал Петропавл электротехникалық зауытында кәсіпорынды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қызметкерлер депутаттарға отандық өнеркәсіпті қолдауды күшейту туралы өтініштерін айтты.
Депутаттардың өңірлер бойынша сапарлары жалғасуда.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ