Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы бір апат болды
26 наурызда Петропалдағы ЖЭО-2-де тағы бір апат болды. Қазір орталықта 2 қазандық пен 2 турбина жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қалалық ситуациялық орталық мәліметінше, су температурасы 40 градусқа тең. Ыстық су дұрыс жеткізілмегендіктен, пәтерлерде жылу құбырлары салқындай бастаған.
"СевҚазЭнерго" компаниясында апаттың болғанын растап, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Жылудың қашан берілетіні әзірге белгісіз.
Айта кетейік, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де ірі апат болған еді. Мұнда 150 метрлік жылу құбыры құлаған болатын.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"