Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ЖЭО-2 апаты кезінде қаза тапқан қызметкер әйелдің отбасына көмек берілетін болды

Петропавл ЖЭО-2-ның қайтыс болған қызметкерінің отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

фото: Петропавловск.news

"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ басшылығы мен ұжымы Петропавл 2-ЖЭО-да қайтыс болған Наталья Чернованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтатынын жеткізді.

“Компания орны толмас қазаның ауырлығын түсінетінін айта отырып, Наталья Чефонованың отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартып, қайтыс болған қызметкердің жанұясына бес жылдық еңбекақысы көлемінде материалдық өтемақы төлеу түрінде жан-жақты қолдау көрсететін болды.

Сонымен қатар Наталья Чефонованың баласының білім алуына қатысты жұмсалатын шығындарды да толықтай өтейді. Жерлеу шараларын ұйымдастыруға байланысты барлық шығындарды да жұмыс беруші көтереді", – деді компанияның баспасөз қызметі.

Апаттың себебі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін анықталады, деп толықтырды баспасөз қызметінде.

Еске салсақ, бүгін ЖЭО-2-нің опырылған құбырының үйінділерінің астынан орталық машинисті – 1984 жылы туған әйелдің денесі табылды.

20 наурызда Петропавлда ЖЭО-2 жылыту құбыры құлаған еді. 150 метр биіктіктегі жылу мұржасы шамамен 90 метр биіктікте жартылай опырылып, кәсіпорынның бірнеше қызметкері үйінділер астында қала жаздады.

 

Талқылау