Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жұмысшылар қар астындағы шөпті шауып, күлкіге қалды

Петропавл қаласында қар астындағы шөпті шапқан жұмысшылар қала тұрғындары қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Видеоны қала тұрғындарының бірі үйінің терезесінен түсірген. Қолдарына триммер ұстап, қыстыгүні шөп шауып жүргендердің әрекеті бірден желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Айта кетейік, жақын арада Солтүстік Қазақстан облысына премьер-министр Асқар Мамин іс-сапармен келеді. Көпшілік бұл жұмыстар осы сапарға орай атқарылды деген пікірде.

Петропавл қаласы әкімдігінде аталған жұмыстарға қатысы жоқ екендерін хабарлады.

Облыс орталығындағы ЗИКСТО зауыты өз еркімен айналадағы аумақты ретке келтіруге шыққан. Ал ЗИКСТО зауытының өкілдері мұндай жұмыстарды жүргізбегенін мәлімдеді.

"Видеода аялдама анық көрінеді. Жұмысшылар көшеде, аялдаманың қасындағы шөпті шауып жүр. Біз мұндай жұмыстарды атқарған емеспіз. Бізде тіпті, шөп шабуға арналған триммерлер де жоқ", - деді ЗИКСТО зауытында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр