Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда ЖЭО жөндеуге 12 миллиард теңге бөлінген

Петропавлда ЖЭО жөндеуге 12 млрд теңге бөлінді. Мұны ОКҚ брифингінде аймақ әкімі Айдарбек Сапаров айтты. 

Әкім құбырдың құрылысы басталғанын түсіндірді. Бұл ақшаға қазандықтар мен турбиналар да жөнделеді.

Аймақта егінді аймақтар 4,5 млн гектарға дейін өсті. Мал шаруашылығының да үлесі артуда. Бес айда ет өндірісі 7%-ға артып, 37 мың тоннадан асты. Бірақ егер ауыл шаруашылығында оң динамика болса, онда коммуналдық саланы да жақсарту қажет

“Жыл басында "СЕВКАЗЭНЕРГО" компаниясының акционерлерімен кездесу өтті. Жөндеу жұмыстары қорын ұлғайту келісілді. Жоспар бойынша алты млрд болу керек еді, бірақ 12 миллиардқа көбейді. Бұл қаражатқа 11 қазандық, 7 турбина, жылу және электр желілері жөнделіп, жаңа түтін құбырын саламыз. Қазіргі уақытта құбырдың құрылысы басталды”, – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров.

Өткен жылдың қыркүйегінде облыс орталығында қайың орманын кесу төңірегінде жанжал туындап, оның аумағы бірнеше жыл бұрын жекеге өтіп кеткені анықталды. Өңір әкімі бұл мәселе шешілгенін мәлімдеді.

“Мәселе сот тәртібімен шешілді. Қазір шешім қабылданды. Бір кездері бұл жер учаскесі заңсыз жолмен берілген екен. Енді шешімнің заңды күшіне енуін күтеміз және сол жерде көшеттерді қайтадан отырғызамыз”, – деді әкім.

Өңірде тұрғын үй мәселесі де шешілуде. Құрылысты аяқтау және инженерлік желілерді жүргізу үшін қосымша қаржыландыру бөлінді. Жыл соңына дейін облыс бойынша 300 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 22 Маусым, 2023 07:41