Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жас жігіт ауру балаға ақша жинау үшін дүкенге қойылған жәшікті ұрлап кеткен

Оның арам пиғылын жүзеге асырып жатқан сәті дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалыпты. Қаржы екі жасар Александр Баторинге шетелде ота жасатуға керек екен, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

карлов

Бетінің жақ сүйегі кеміс болып туған сәбиге құлан таза жазылып кету үшін 3 миллион теңге қажет. Енді ата-анасы қайырымды жандардан тағы көмек сұрауға мәжбүр.

Ап-арық сәбиге қарап оның 2 жаста екендігіне сену қиын. Салмағы небәрі 5 келіден сәл асатын Сашаның жақ сүйектері дамымаған. Соның салдарынан өздігінен тамақ іше алмайды. Оның үстіне баланың табаны қайырылып туған екен. Оны түзету үшін дәрігерлер апта сайын гипс салады.

“Туғаннан түтікшемен тамақтандырамыз, жарытып емшек те еме алмады. Түнде түтікшені жұлып тастайды. Ондай кездерде баланы шыңғыртып, қайта орнатамыз. Аяғына гипс салғанда да, аурухананы басына көтеріп жылайды. Ондай сәттерде жанымды қоярға  жер таппаймын”, – дейді Баториннің анасы анасы Любовь Баторина.

Отандық дәрігерлер бұл дертке қарсы шарасызбыз депті. Жан-жаққа  сұрау салған Сашаның анасы мұндай отаның Мәскеуде жасалатынын білген. Бірақ құны 3 миллион теңге. Баланың ата-анасы шот ашып, дүкендерге қайырымдылық жәшіктерін орнатыпты. Сол 7 жәшіктің біреуі қолды болды. Мына кадрлар дүкеннің бақылау камерасына түсіп қалған. Айналшықтап жүрген ұры ақырында жәшікті алып, ізін суытты.

“Түрлі жағдайлар болады. Соны ескеріп, міне жәшікті таразыға желімдеп тастадық. Оның үстіне бұл ыдыс ақшаның алыс-беріске түсетін жеріне жақын тұр. Қайырымды жандар ұмытпай бірден қаржы салады”, – дейді сатушы Аягөз Махметова.

Сашаның ата-анасы қалалық ішкі істер бөліміне ұрлық туралы шағым жазып, бейнестапының көшірмесін берді. Қазір тәртіп сақшылары ұрыны іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Ауру баланың ата-анасы  қолды болған жәшікке қанша ақша жиналғанын нақты білмейді. Бірақ  қайырымды жандардың бір  тиыны да олар үшін маңызды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды

Павлодарда 40 жастағы азамат ұлтарақтай жер үшін өзін өлтірмек болды

Таразда алып баннерді денесімен тосып тоқтатқан сарбаздар марапатқа ұсынылмақ

Талқылау