Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда университеттің екі студентінен туберкулез анықталды

Фото: Видеодан скрин

Петропавл қаласындағы Kozybayev University-дің екі студентінен туберкулез ауруы анықталды. Қазір мамандар олармен байланыста болған адамдарды анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқу орнының мәліметінше, 16 қаңтар күні аталған екі студент тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық тексеруден өтіп, туберкулезге күдікпен талдаулар тапсырған. Сол кезде университеттің барлық студенті қысқы демалыста болған. Ал бір аптадан кейін зерттеу нәтижелері бойынша диагноз расталды.


Жетісу облысында мектеп қызметкерінен туберкулез анықталған: Ата-аналар оқу ордасының карантинге жабылмай жатқанына наразы


Ақтөбеде аурухананың 13 қызметкері туберкулезге шалдыққан медбикемен байланыста болғаны үшін қауіп тобына енді


“Туберкулез жұқтырған бұл студенттер науқас туыстарымен байланыста болған. Аталған туысы 14 қаңтардан бастап бақылауға алынып, қазір фтизиопульмонология туберкулез диспансерінде ем қабылдап жатыр. Ал екі студент үй жағдайында амбулаториялық емдеуде. Енді туберкулез анықталған студенттермен байланыста болған барлық адам толық тексеруден өтеді. Олардың қатарында студенттер, туыстары, егер жұмыс істеген немесе қосымша жұмыс атқарған болса, сол жердегі әріптестері де тексеріліп, бақылауға алынады”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Қазір туберкулез жұқтырған студенттермен қанша адам байланыста болғаны нақтыланып жатыр. Бұл жұмысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жүргізіп жатыр. Қазір тиісті тексеру шаралары қолға алынған.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда 6-сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі табылғаны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 29 Қаңтар, 2026 09:58