Петропавлда төрт ай бұрын жоғалып кеткен 22 жастағы қыздың денесі табылды
Петропавлда жоғалып кеткен 22 жастағы қыздың денесі төрт айдан кейін табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
1998 жылы туған Елизавета Матюхина Петропавл қаласындағы Уалиханов көшесінде орналасқан үйден 3 сәуір күні түскі 12 шамасында шығып, жоғалып кеткен.
Төрт ай бойы қызды полицейлер мен еріктілер іздеген. Қыздың суреттері бар қағаздар қаланың барлық жеріне, сондай -ақ саяжайлар мен оған жақын ауылдарға жабыстырылды.
Әлеуметтік желілердегі еріктілер парақшасында Петропавл тұрғындары қыздың тағдырына үнемі қызығушылық танытып, оның тірі екеніне үміт білдірген еді.
Алайда төрт ай уақыттан кейін қыздың өлі денесі табылды.
"1 тамызда, шамамен 18 сағат 50 минутта, Петропавл полиция бөлімінің "102" операторлар пультіне ағынды суларды тазарту қондырғысынан Речпорт аймағынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама жіберілді. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
