Петропавлда терезеден секірген 18 жастағы жасөспірімнің жағдайы ауыр

Петропавлда үшінші қабаттан секірген 18 жастағы бозбала бел омыртқасы мен өкшесін сындырып, ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасөспірім бел омыртқасы мен өкшесін сындырып, облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Ол бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін травматология бөлімшесіне ауыстырылды.
Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиеваның айтуынша, науқастың жағдайы әлі де тұрақты ауыр.
"Бірақ өздігінен тыныс алады. Нақты болжам жасауға әзірге ерте. Денсаулығы жақсарса, амбулаторлық емге жіберілуі мүмкін", – деді дәрігер.
Оқиғаға байланысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
- Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген
-
Ақтөбеде бала батутқа барғаннан кейін жансақтау бөліміне түсіп, мүгедек болып қалды
Еске салайық, бұған дейін 30 шілдеде Павлодарда 34 жастағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секірген. Салдарынан бір жарым жастағы бала ауруханада көз жұмды, ал жеті жастағы бала аман қалып, ұзақ мерзімді оңалтудан өтуде. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу қазан айында аяқталған.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады