Петропавлда шұңқырға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған жасөспірім марапат алды
Петропавлда шұңқырға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған жасөспірім марапатқа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Солтүстік Қазақстан облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарған Аслан Гималетдиновті "Суға батып бара жатқан адамдарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады. Сондай-ақ жасөспірім "Қамқор жүрек" медалін алды.
"Асланға көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтқым келеді. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдарында осындай батыл жігіттерді күтеді", - деді Сырым Шәріпханов.
Еске салайық, 4 шілдеде Петропавлда 15 жастағы Аслан Гималетдинов шұңқырға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн