Петропавлда полицейлер мен өрт сөндірушілер өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды
Петропавл тұрғыны биіктен секіріп өлмек болды. Тәртіп сақшылары мен өрт сөндірушілері бірлесіп, бес қабатты үйдің шатырынан секіріп кетпек болған ер адамды ажалдан құтқарды, деп хабарлайды КТК.
Өмірден түңілген жанды олар үш сағат бойы үгіттепті. Шатырға шығып алған еркек ешқандай талап қоймаған, тек өлгісі келетінін айтқан.
Кейін анықталғанындай, 38 жастағы ол үйленбеген, ата-анасымен бірге тұрады екен. Жуырда түрмеден босап шығыпты. Өрт сөндірушілердің бірі оны арқасына мінгізіп алып, арнайы сатымен жерге түсірді. Суицид жасағысы келген жан алкотесттен өтуге де қарсылық білдіріпті. Жерге түсірген соң тәртіп сақшылары оны пәтеріне дейін шығарып салды.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбелік мұғалімдер оқушылармен бірге аулада от жағып орыстың Масленица мерекесін тойлаған
Қазақ журналисі 60-қа келген әкесінің жалаң қолмен қасқырды тірідей ұстап әкелгенін айтты
Талқылау