Петропавлда өрт салдарынан бес адам қаза тапты
Петропавлдағы Береке шағын ауданында төрт пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, пәтер мен кіре беріс үстіндегі үйдің төбесі жалынға оранып, қалың түтін шыққан. Өртті жою барысында пәтерден үш ер адам мен екі әйелдің жансыз денелері табылды. Олар сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
ТЖМ өкілдерінің айтуынша, өрттің себебі ішімдік ішу және төсекте темекі шегу болуы мүмкін. Алайда қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жатқызылмаған және спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдар ретінде есепте тіркелмеген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”