Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда оқушы мектепке тапанша алып барып, кіші сынып оқушыларын қорқытқан

Петропавлда оқушы мектепке тапанша алып барғанФото: Gov.kz

Петропавлда 11-сынып оқушысы мектепке тапанша алып барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, бір рет оқ атылған. Зардап шеккендер жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қару атыс қаруы емес, пневматикалық тапанша болғаны анықталды. Дегенмен дүрбелең туғызған оқушы мен оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

“Тексеру нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ білім беру органдарына оқиғаға ықпал еткен факторларды жою бойынша шара қабылдау туралы ұсыныс енгізілді”, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Тексеру аяқталған соң мектеп басшылығы мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болған күзет қызметкерлерінің әрекетіне де баға беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында мектеп дәлізінде балта ұстап жүгірген оқушы екі сыныптасын жаралағаны туралы жазған едік. Осы оқиғадан кейін мектептің директоры қызметінен кетті. 

Күні кеше сыныптастарын балтамен қуған оқушы үйқамаққа жіберілсе де, мектепке баруына рұқсат берілгені белгілі болды.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 15:11