Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда немересін тірідей пешке жаққан зейнеткер сотта жауап берді

Петропавлда бір айға толмаған немересін тірідей пешке жағып жіберген әйел адамға қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы КТК хабарлады.

62 жастағы Любовь Русалиева бұл қылмысқа арақтың кесірінен бардым деп туған қызынан сот залында кешірім сұрады. Алайда отқа жанған нәрестенің анасы Олеся Грудинская қылмыс жасаған шешесіне ең қатал жаза талап етіп отыр.

Туған анасы айыпталушы, қызы жәбірленуші ретінде қатысатын сот сұмдық оқиға болған Мамлют ауданында емес, облыс орталығында өтті

“Мұндайды кешіру мүмкін емес. Ол  тіпті хайуан да жасамайтын қылмысқа барды. Оның да қызым сияқты әбден қиналғанын қалаймын. Сондықтан ең қатал жазаға кесілуін сұраймын”, – деді нәрестенің анасы Олеся Грудинская.

Сотталушы Любовь Русалиева туған қызынан да, өз қолымен өлтірген кішкентай жиенінен де кешірім сұрап, жылады.

Оның айтуынша, бұл қылмысқа ол арақтың кесірінен барған.

Бұл оқиға қараша айының басында  Мамлют ауданындағы Дубровное ауылында болған еді. Қызы мен үлкен немересін нанға  жұмсап жіберген Любовь Русалиева үш апталық жиенін жанып тұрған пешке тастаған. Бұл оқиғаны анасымен бірге дүкенге барып келген 9 жасар бала да көріп, қатты шошыды.

Олеся Грудинскаяның айтуынша, анасы қызының оң босағада отырып жүкті болғанына ешқандай реніш білдірмепті. Түсік жасатуға бел буғанда да,  босанған соң баланы перзентхаға  тастап кетейін дегеніне де қарсы болған екен.

“Сол күні үйде нан болса да, араққа тойып алған анам мені дүкенге  әдейі жұмсады”,- дейді Олеся Грудинская.

Төргі бөлмеде анасы бос тұрған арбаны тербетіп отыр екен. Шарқ ұрып сәбиін іздеген әйел далаға атып шықпақшы болған. Бірақ  пеш жақтан еттің күйген иісін сезіп, солай қарай жүгіріпті. Соттың алғашқы отырысында жәбірленуші мен куәгерлерден ғана жауап алынды. Ал, айыпталушы келесі отырыста тергеледі.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында 7 жылға сотталған азамат кінәсіз деп танылды

Алматыда егіз балаларын өлтірген ата-анаға үкім шығарылды

Италияндық дәрігер жерлеу бюросының тапсырысымен науқастарды өз қолымен өлтіріп келген

26 жастағы әйел 25 жыл бұрын ұрықтанған қызын босанды (фото)

Талқылау