Петропавлда курсанттардың оқу-жаттығуы кезінде жұмысшыға оқ тиді
Петропавлда курсанттардың оқу-жаттығуы кезінде кездейсоқ жұмысшыға оқ тиді. Ол ереже бойынша тыйым салынған аймақта болмауға тиіс еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұлан академиясының баспасөз қызметі 4 сәуірде Ұлттық ұлан академиясының әскери атыс алаңында курсанттар тобы АК-74 автоматынан практикалық оқу атысын өткізгенін түсіндірді.
Осы уақытта ер адам сол аумақта құм алып жатқан.
"Мән-жай нақтыланғаннан кейін атыс жүргізу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін кезекші фельдшері бар санитарлық машина жіберілді. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, ол академияның жедел жәрдем көлігімен қалалық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”