Петропавлда коронавирус жұқтырған зейнеткерді аурухана жатқызбай қойған

Петропавлда коронавирус жұқтырған зейнеткерді аурухана жатқызбай қойған. 75 жастағы Нина Савчук бірнеше апта бойы көмек сұраған. Бірақ қанмен жөтеле бастаған кезде ғана әйелді ауруханаға жатқызған. Оның туыстары жергілікті медициналық мекемелерде қарттарды ауруханаларға орналастырмау туралы жасырын ереже бар деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

"Ол үрейленген, жағдайы жақсарар емес, үміті жоқ", - деді  науқастың сіңлісі Галина Сутулова.

Нина Савчуктың туыстарының сөзінше, коронавирустың белгілері бар зейнеткерді бірнеше апта бойы кез келген сылтаумен ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Температурасы 5 қазанда көтерілген, бірақ 19-ы күні қан жөтеле басталған кезде әйел ауруханаға жеткізілді.

"Жағдайы тұрақты ауыр. 60% өкпе зақымдануы. Неге олар мұндай жағдайға жеткізбеу үшін білікті медициналық көмекті уақытында көрсете алмады? Немесе бұл дәрігерлердің біліксіздігі, немесе немқұрайдылық, әлде қарт адамдарға қатысты қандай-да бір келісім", - деді науқастың жиені Анна Карпицкая.

Дәрігерлер болса, қатаң түрде хаттамаға сәйкес әрекет еткендерін айтады. Олардың айтуынша, науқас ауруханаға жатудан бас тартқан, оны растайтын жазбаша дәлелел бар. Ал туыстарының өз шындықтары бар. 

"Мен тәтемнен сұрағанда, ол ауруханаға жатқызуды ұсынбағанын, бірақ қағаз парағын бергенін және қол қойғанын айтты", - деді науқастың жиені Анна Карпицкая.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы COVID  белгілерін бірден байқамағанын атап өтті. Сондықтан емдеу амбулаториялық негізде жүргізілген. Егде жастағы науқастардың медициналық көмекке ең соңғы кезекте тұруы туралы ақпарат мүлдем жоққа шығарылды. 

"Жоқ, әрине. Бұл қазірдің өзінде біржақты немесе қасақана айыптау. Ондай жоқ. Бірінші қалалық ауруханаға жатқызу кезінде ПТР талдауы теріс нәтиже берді және оның жағдайы одан әрі ауруханаға жатқызуды қажет етпеді", - деді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов.

Туыстарының айтуынша, Нина Семёновнаның жағдайы нашарлап кеткен. Сірә, ол жансақтау бөліміне ауыстырылып, тыныс алу аппаратына қосылады. Қазір дәрігерлер зейнеткердің өмірі үшін күресуде. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр