Петропавлда хоккей командасының басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен іздестіріліп жатыр
Фото: Журналист Төлеген Имановтың парақшасынан / Клуб басшысы Сергей Филь
Солтүстік Қазақстан облысындағы "Құлагер" хоккей клубының басшысы Сергей Филь із-түзсіз жоғалып кетті. Оны іздеу барысында бірқатар алаяқтық фактілері анықталып, бірнеше хоккейші полицияға шағымданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдікті "сыйақы үшін қазақстандық құжаттар рәсімдеп беремін" деп уәде берген. "Құлагер" хоккей клубының директоры Игорь Шерстовтың айтуынша, Сергей Филь командамен жарыстарға шығуды ұйымдастырумен және мұз айдынындағы жаттығулармен айналысқан.
"Былтырғы желтоқсан айында Сергей Филь "Құлагер" хоккей клубына жұмысқа қабылданды. 24 қыркүйектен бастап жұмысқа шықпай кетті. Іздеу барысында оның алаяқтық әрекеттері анықталды. Бұл жөнінде толық ақпарат білмеймін, полицияға арыз жазылды, тергеу барысында бәрі анықталады. Оның ақша алғанын немесе бергенін өз көзіммен көрмедім", – деді Игорь Шерстов.
Игорь Шерстовтың айтуынша, қазір оның бұрынғы қылмыстық өмірі жайлы деректер шығып жатыр.
"Ол бізге ресми түрде жұмысқа орналасқан, барлық әлеуметтік төлемдер аударылып отырды. Егер құқық қорғау органдары тарапынан сұрақтар болса, бәрі сол кезде-ақ белгілі болар еді. Федерация мен клубтың ресми сайттарында оның суреті мен жеке деректері ашық жарияланған", – деп қосты ол.
Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, хоккей клубының басшысы екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасағаны үшін күдікті саналады.
"Петропавл қалалық полициясына "Құлагер" командасының хоккейшілері жүгінді. Бұл факті бойынша 45 жастағы Астана қаласының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оның жүрген жерін анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деді
Петропавл қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімінің басшысы Азамат Бектұрғанов.
Полиция қызметкерінің айтуынша, қалған мәліметтер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Петропавлда полиция қызметкері қылмыскермен дос болғаны үшін 8 жылға сотталды
Кабинеттегі жасырын камера: Ақтөбе облысында аудан әкіміне пара алады деген айып тағылды
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы маусым айында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Барыс" хоккей клубының бұрынғы басшыларына қатысты тергеу басталған еді. Тергеу Қарағанды облысы бойынша департамент тарапынан "қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабымен жүргізілген.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
