Петропавлда еркек әйеліне тон сыйлау үшін дүкен тонаған
Ер адам киім дүкенін тонады. Келтіріліген жалпы шығын мөлшері 350 мың теңгені құрады.
Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.
Әйелін қуантамын деп, қылмысқа барды. Петропавлда ер адам киім дүкенін тонады. Қарақшы әуелі сатушыдан әйелдерге арналған аң терісінен тігілген тон сұратқан. Сатушы қыз клиенттің күмәнді өтінішін орындаған бойда, қаскөй оны басынан ұрып құлатқан. Ұры зардап шегушінің алтын бұйымдары мен телефонын қолды етіп қана қоймай, кассадағы ақша мен тонды да қоса ала кеткен. Келтіріліген жалпы шығын мөлшері 350 мың теңгені құрады.
Анықталғандай , қолды болған тон жасанды теріден тігілген және бұған дейін киілген болып шықты. Оның құны небәрі 10 мың теңге тұрады екен. Өлшеммен сатылатын киім дүкенін күндіз тонаған күдіктіні полицейлер кешке қолға түсірді. Қамқор ер адамның кінәсі дәлелденсе, 10 жылға бас бостандығынан айырылады.
Жіберіп алмаңыз:
Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?
Психологиялық тест: Сіз қаншалықты сараңсыз?
Жұлдыз жорамал бойынша бір біріне мүлде сай келмейтін екі белгі