Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда еңбекқор ұры қар тазалау үшін күрек ұрлап кеткен

Петропавлда ерекше қылмыскер тұтқындалды. Ер адам қаладағы кеңселердің бірінен күрек ұрлап кеткен. Ол қар тазаламақ болыпты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Петропавлда еңбекқор ұры қар тазалау үшін күрек ұрлап кеткен

Ер адам өз жұмысын аяқтағаннан кейін күректі басқа біреуге сатып жібермек болған.

«Күрек есіктің жанында тұрды… Мен жігіттермен келісіп, олар маған дүкеннің алдындағы қарды тазалуымды айтты. Маған тамақ алу үшін ақша керек болды. Мен сол күректі алып, қарды тазаладым. Сонан кейін оны қайтарған жоқпын», – дейді тұтқындалған ер адам.

Ұсталған азамат 48 жаста. Бұған дейін бірнеше рет сотталған екен.

Хабарланғандай, оқиғаның ертесі күні ол қайтадан ұрлық жасаған. Ер адам дүкеннен ішінде ақшасы бар әмиянды ұрлап кетіпті. Ол ұсталғаннан кейін кінәсін мойындады. Ендігі ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр