Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда блогерлер видео жариялап жібереміз деп қорқытып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған

Петропавлдағы сауда желісінің басшылығынан ақша бопсалағандарды ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Петропавлда сауда желісінің директоры полицияға екі адам 50 миллион теңге ақша бопсалағанын айтып, арызданған.  Оларды құзырлы органдар лезде ұстады. 33 және 34 жастағы екі жас жігіт әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған ресурстардың авторлары ретінде көпшілік арасында жақсы таныс.

2022 жылдың басынан бастап өтірік тұтынушылардың құқықтарын қорғағандай болып, рейд жүргізіп, бейнеролик түсірген. Блогерлер арандатушылық сипатындағы бейнероликтермен кәсіпкерлерді қорқытқан. Себебі бір өнімнің мерзімі өтіп кетіпті . Кей жағдайларда видеоны саламын деп шоколад, сусындардың ақшасын төлемей, өздерімен бірге алып кетіп отырған. Күдіктілер кейде мемлекеттік органдарды шақырыпты. Осылайша​ бизнесті жоспардан тыс тексеруге себепші болған.

Қыркүйек айының басында олар сауда желісінің өңірлік директорынан 50 млн теңге ақша талап ете бастаған.  СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалау арқылы талап етілген соманың 5 миллионынн алып жатқан жерінде ұстады.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тінту шаралары мен тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
 

Талқылау