Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда батпақ жолдың кесірінен дәрігерлер науқасты жедел жәрдем көлігіне қолмен көтеріп апарған

Петропавлда жедел жәрдем көлігі балшыққа батып қалған. Дәрігерлер ауыр науқасты қарауға бара жатқан. Ол аяғын жарақаттап, тіпті қозғала алмаған. Нәтижесінде дәрігерлер көлікті жарты жолда қалдырып, ер адамды қолмен көтеріп әкелуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Петропавлдағы Перминов көшесінің тұрғыны Светлана Выродованың күйеуі аяғын қатты зақымдаған. Медициналық жедел жәрдем келді. Бірақ дәрігерлер нашар жолдың кесірінен науқасқа жете алмаған.

"Жедел жәрдем көлігі өте алмайды, жолдар мүлдем жарамсыз. Ештеңеге қол жеткізе алмаймыз, пайдасыз және қанша жүрдік. Біз кезекте 38-ші дейді, сосын ешқандай тізімде жоқ дейді. Сұмдық қой, ары қарай тіпті қорқынышты", - дейді Светлана Выродова.

Владимир Жужгов жедел жәрдемде 10 жылдан бері жұмыс істейді. Оның айтуынша, әр көктемде дәрігерлер жолдардың нашар болуына байланысты төтенше жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр.

"Көктемгі және күзгі кезеңде ауа райы жағдайларын ескере отырып, жолдар ұйымдастырылмаған жерде, әсіресе жеке секторда жаңбыр, жол жабынына қарамастан, науқасты тасымалдауға және көтеріп алып баруға тура келеді", - деді жедел жәрдем дәрігері Владимир Жужгов.

Қаладағы шенеуніктер Петропавлдағы нашар жолдар туралы біледі. Бірақ жағдайды бюджет қаражатының түсуіне қарай ғана түзетуге болады. Мысалы,  Перминов көшесін биыл жөндеуге уәде берді.

"Бұл көше осы жылға арналған ТКШ тізімінде. 2 апта бұрын біздің мамандар осы көшені аралап, тексерді. Жер кепкеннен кейін  жұмыстар басталады және бұл жұмыстар кезектілікке сәйкес басталады", - деді Петропавл қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Асем Айтулова.

Айта кетейік, былтыр Петропавлда 90 көшеге қиыршық тас төселді. Осы жылы да осынша жоба жоспарланып отыр.

Талқылау