Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда әжесі кішкентай қызын автобуста ұмытып кеткен

Петропавл қаласының тұрғыны 3 жасар қызын жоғалтып алған. Баламен соңғы рет бірге болған әжесі не болғанын түсіндіріп бере алмаған. Ал бұл уақытта әжейдің жоғалған немересін полицейлер тауып, бөлімшеге алып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полицияяя

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, кішкентай қыз полиция бөлімінде бір сағаттан астам уақыт болған. Қызды сағат 12-лер шамасында Уәлиханов көшесіндегі стационарлық полиция бөлімшесіне автобустың жүргізушісі алып келген, ол баланы автобустың салонында жалғыз отырған жерінен тауып алған. Табылған қыз туралы ақпаратты учаскелік полиция инспекторы Жанбота Қайыркенов Петропавл қалалық ІІБ жедел басқару орталығына жеткізген.

"Оны қолыма алып көтергеннен кейін бірден жылауын қойды. Біз оған тәттілер алып бердік. Өз анасының есімінен басқа қыз ешнәрнесіні түсіндіріп бере алмады", - дейді учаскелік инспектор.

Бұл уақыттың ішінде "102" арнасына арызбен ешкім жүгінбегендіктен кішкентай қыз ювеналды полиция инспекторы Виолетта Моисееваның қарауында болып, полиция модулінде қалған. Жедел әрекет ету қызметкерлері жылдам барлық полиция бөлімшелеріне, қалалық ІІБ жеке құрамына бағыт-бағдар береді. Ал қызын жоғалтып алған ана өз бетімен іздеуге кіріскен. Береке ауданындағы үй қараушысы барлық камераларды тексере бастағанда шыдам тұра алмаған анасы Береке ауданындағы жақын маңдағы полиция бөлімшесіне келген. Бөлімшеде кішкентай қыздың қаланың екінші бөлігіндегі модульде әріптестерінің қарауында отырғаны туралы хабарлаған. Анасы суреттен өз қызын таныған. 

"Бұл қорқынышты түс сияқты. Құдды бір менің басымнан өткен оқиға емес секілді. Мен не істерімді білмей, көшелерді аралап, қалай қарай жүгірерімді білмедім. Осы уақыттың ішінде басыма қандай ой келіп-кетпеді десеңізші. Мен оны көшеде тұрып тоңып қалған шығар деп ойладым. Ал полицейлер қызымды тауып алғанын және әріптестерінің жанында екенін естігенде, мен тіпті қатты жылап жібердім. Бізді осындай жылдам әрі үйлесімді әрекет ететін полицейлердің қорғайтыны қандай бақыт", - дейді қыздың анасы.

Әйел баланы алып кетуге келгенде, қызының полиция қызметкерлерін бұрыннан танитындай сабырлы болып отырғанын қосып өтті. 

Кейін белгілі болғандай, әжесімен бірге автобуста келе жатқан бүлдіршін, ұйықтап қалады. Ал бұл уақытта зейнеткердің жағдайы аяқасты нашарлап кеткен, ол тіпті автобустан қалай түсіп, үйіне қалай жеткенін де білмейді.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 15 Ақпан, 2022 11:43
Талқылау