Петропавлда әкімдік қызметкерлері 9 пәтерді заңсыз иеленіп алған

Петропавлда әкімдік қызметкерлерінің 9 пәтерді заңсыз иеленіп алғаны анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті Петрпавлдың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, мекеменің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу инспекторы, сонымен қатар олардың жұбайларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

«Тергеу аталған тұлғалардың тұрғын үйлердегі мәжбүрлеп иеліктен шығаруға тиесілі пәтерлерді иеленіп алғанын анықтады. Олар 9 пәтерді заңсыз иеленіп, оларды үлестес тұлғалардың атына рәсімдеген», - делінеді хабарламада. 

Осылайша, мемлетке келген шығын 96 миллион теңгені құраған. 

«17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының аппеляциялық соты Өмірсейітова, Есетованы 6 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Олардың сыбайластары – Өмірсейітованың күйеуі мен Есетованың азаматтық некедегі күйеуі де 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркеленді», - дейді ведомстводағылар. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған

Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған

Оқиға 24 тамыз таң ата орын алды
Çàãðóçêà...