Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавл тұрғынының атынан несие рәсімдеді деген күдікке оның жасөспірім ұлы ілінді

Қаңтар айында Петропавл тұрғыны өзі алмаған ірі көлемдегі несиені қайтару керектігі туралы хабарламалар ала бастаған. Әйел қалалық полиция бөліміне арыз жазған, алайда несиені кім алуы мүмкін екені туралы күдігі болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеушілердің сөзінен кейін жәбірленушінің есіне өткен жылдың желтоқсан айында 16 жасар ұлының қандай да бір сайтқа тіркелуін сұрағаны түседі. Ол жерде емтихан сұрақтарына жауаптарды жүктеп алуға болатыны айтылған.

Жасөспірімнің айтуынша, екі адам тіркелсе, сайт жеңілдік жасауға уәде берген. Әйел ұлының өтініші бойынша өзінің жеке басын фото және бейне тексеруден тұратын тіркеу рәсімінен өткен. Алданған әйел барлық талаптарды орындаған.



“Белгілі болғандай, тексеру рәсімі жәбірленушінің атына 1 миллион 180 мың теңге көлемінде несие берілген қаржы ұйымдарының бірінің ресурсында жүргізілген. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу соңғы сатысында, іс материалдары сотқа тапсыру үшін дайындалуда”, – деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Полиция қаржы институттары қашықтан несие беру процедурасын қиындатқандықтан, шабуылдаушылар басқа адамдардың биометриялық деректерін пайдалану жолдарын іздей бастағанын ескертеді. Азаматтарды фотосуретке түсіру туралы сұраулардан сақ болуға және бейтаныс адамдарға жеке ақпараттарды сеніп бермеуге шақырады.

Небәрі соңғы 11 айда СҚО-да 716 интернет-алаяқтық тіркелген, оның 91-і біреудің атына несие рәсімдеу оқиғасымен байланысты.

Талқылау