Петропавл тұрғыны иті үшін адам пышақтаған: Сот үкімі шықты

Петропавл тұрғыны иті үшін адам пышақтаған. Қалалық сот ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сот

Оқиға былтыр 18 қыркүйекте күні болған. Итімен аулада серуендеп жүрген Петропавл тұрғыны 40 жастағы Александр Славецкийге өтіп бара жатқан адам жануарға тұмылдырық кигізу керектігін ескерткен. Стаффордшир терьердің иесі бірден ашуға беріліп, ескерту жасаған азаматқа итін айтақтап, арқасына ас пышағын сұғып алған.

Сотта айыпталушы болған оқиғаға өкініш білдірді. Славецкийдің айтуынша, жәбірленуші итке өзі жақындаған. Тұмылдырығын шешіп, ызаландыра бастаған. Ал, өзі иттің тікенді қарғыбауымен әрлі-берлі сілтеп, өзін қорғамақ болған. Дәл осы кезде иті иесіне көмекке ұмтылып, жапа шегушіні қолынан қауып алған.

Судья екі тарапты да тыңдап, саралай келе сотталушының кінәсінің дәлелденгенін және мемлекеттік айыптаушы сұраған жазаның орынды екенін айтты. Жазаны тағайындау барысында сот Славецкийдің мас күйінде адамға шабуылдап, еш себепсіз ауыр, қоғам үшін қауіпті қылмыс жасағанын және учаскелік инспектор берген теріс мінездемені негізге алды.

Бұл ретте айыпталушының сотта берген жауабын "жауапкершіліктен қашу" деп түсінді. Осыған байланысты сот оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр