Соңғы жаңалықтар

Петропавл карантинге жабылды: 9 қарашадан бастап қаладан шығуға болмайды

Петропавлда карантин жарияланып, 9 қарашадан бастап қаладан шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлованың жарлығында айтылған.

"2020 жылғы 9 қарашада сағат 00:00-ден бастап COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Петропавлдан, Қызылжар облысынан адамдардың кіріп - шығуына тыйым салынады", - делінген құжатта.

Қалада тек қана белгілі бір санаттағы адамдардың жүріп-тұруына рұқсат берілген. Олардың арнайы рұқсат қағаздары болуы керек.

Бұған дейін ОҚО-дан ПТР сертификатысыз шығуға тыйым салынатыны туралы хабарланған болатын. Ал Петропавл тұрғындарына 22:00-ден 6:00-ге дейін үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр