Пессимистік болжам орындалуда: Бекшин Алматыда коронавирус бойынша жағдай нашар екенін айтты
Алматыда коронавирустың таралуы бойынша пессимистік болжам орындалуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Жандарбек Бекшин 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда 2021 жылы аурудың күрт өсуі байқалғанын атап өтті.
"Жыл басынан 26 сәуірге дейін қалада коронавирустың 33230 жағдайы тіркелді. Өткен жылы жылы бұл көрсеткіш 18 500 болған. Яғни, бұл 1,8 есе артық. Өткен тәулікте 689 жағдай тіркелді", - дейді Бекшин.
Осылайша қаланың бас санитарлық дәрігері Алматыдағы жағдай пессимистік болжам бойынша орындалып жатқанын айтты.
"Қаладағы жағдай пессимистік болжам бойынша дамып келе жатыр. Біз 14 мың жағдай тіркеледі деп болжадық. Іс жүзінде сәуірдің үш аптасында 13 697 жағдай тіркелді. Яғни, пессимистік болжам орындалды", - деді Жандарбек Бекшин.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда локдаун енгізу туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинайтып берген болатын.
Алматылықтар коронавирустың жаңа штаммдарына тексеріліп жатыр