"Перзентханадан жалғыз өзі шықты ": Жұлдыз Әбдікәрімованың оқырмандары жаңа туған сәбидің кімнен екенін талқылады
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Бесінші рет ана атанған Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса жаңа туған сәбиін көрсетіп, видео жариялады.
"Қайырлы күн, жақсыларым! Жаным аман қалып, жарық дүниеге бөпемді дін аман-сау әкелгеніме шүкіршілік айтып жатырмын. Қалжаланып шілде терім де шығарып, қалпыма келіп, барлық у-шуға тосқауыл қойдым.Әр сәтімнен ләззат алып, үйде жұмақ иісін иіскеп жатырмын. Аллаға сансыз шүкір, бәрі өз уақытымен өтті. Сондықтан да мен отадан қаштым. Осы жолы бәрі басқаша өтті, себебі қауіп-қатер болды”, – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары өнер иесінің жары Қайрат Нұртасты іздеп жатыр. Немерелі болғанын жеке парақшасында бөліспеген анасы Гүлзира Айдарбекованы сынады.
“Осылардікі түсініксіз. Бір ай бұрын декретке шықты. Бір апта бұрын гендер пати жасады. Үш күннен кейін туды. Мүмкін суррогат ана туған шығар”, “Қайраттың баласы емес-ау. Өзі босанып, жалғыз өзі перзентханадан шықты. Өзімен-өзі жүр”, “Қайнылары да құттықтаған жоқ”, “Айдарбековтер әулеті үнсіз отыр”, “Енесі жүрмесе де, күйеуі Қайраттың жүретін орны”, “Реңсіз балаларды туа беріп не істейді. Бесінші баланың не керегі бар. Мүмкін балалардың әкесі Қайрат болмағанда, реңді болар еді”, – деп жазды көпшілік.

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
