Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перуде үндістер дуамен айналысқан әйелді тірідей өртеп жіберді

Перу елінде дуамен айналысты деп айыпталған әйелді тірідей өртеді.

pic_f72e4d01a44444fa361bac6bb6450296

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

Пуэрто-Бермудес аймағының прокуроры Уга Маурисионың сөзінше оқиға елдің орталық бөлігіндегі Амазонка мекеніндегі тропикалық ормандарда өмір сүретін Ширингамата Альто қауымында орын алған.

Адамдарды азғырып жүр деп айыпталған 73 жастағы Роза Вильяр Харионики екен. Әйелдің тағдыры туралы шешімді 40 адам талқылап, олардың көбісі өлім жазасына кесу керек деген.

Харионикидің қолдарын байлап, құрғақ ағаштармен қоршап, үстінен бензин қойып от жаққан. Ұялы телефон камерасына түсіп қалған оқиға барысында, әйелдің айқайлаған дауысы да естіледі екен.

Маурисионың сөзінше қауым мүшелері мәйітті үш күн бойы өртеген. Алайда оқиға орынына келген полицейлер бірнеше сүйек тауыпты. Құқық қорғау органдарының бұл оқиғаны қалай естігені әзірге белгісіз. Сондай-ақ, қандай да бір қауым мүшесінің тұтқындалғаны туралы да ақпарат жоқ.

Перудің орталығындағы Пуэрто-Бермудес аймағында 300-ге жуық үндіс тұрады.

Дәрігерлер кеудесін бамбук тесіп өтуге шақ қалған азаматты құтқарып қалды

Үндістанда 15 долларға саудаланған оқушы қыз құлдықтан қашып құтылды

Ресейде жалаңаш балалар суреті қойылған көрмеге қатысты жанжал туды

Талқылау