Ресейде жалаңаш балалар суреті қойылған көрмеге қатысты жанжал туды

Жексенбі, 25 Қыркүйек , 2016 10:51

Ағайындылар атындағы орталықтың директоры Люмер Наталья Григорьева “Сөйлеп тұрған Мәскеу” радиостанциясына Джок Стерджестің суреттерінің қойылмағандығын мәлімдеді. Аталған суретші жалаңаш балалардың суретін салған болатын.

odch_008

“Ол жерде балалар порнографиясы жоқ”, – деп Наталья ханым моделдердің нақты жасын ажырата алмағандығын айтады. “Бүгін желіде өріп жүрген суреттердің менің көрмеме еш қатысы жоқ. Бұл суретті кімнің тауып алғанын да білмеймін. Осы әңгімелерге бола өзімді жайсыз сезініп жүрмін. Көрмеме қойылған туындылардың барлығы сайтта тұр. Бұл суретті қайдан алғандарын тіпті түсіндіре алмаймын”, – дейді ол.

Осыған дейін омбудсмен Анна Кузнецова прокуратураға аталған суретті көрсетіп, оны тексеруді сұраған болатын. Ал сенбі күні Федерация Кеңесінің мүшесі Елена Мизулина оның “Джок Стерджес. Ұялмастан” атты көрмеге қатысты өтінішін жариялады. “Бұл көрмеге Ресей құқық қорғау органдарымен тыйым салынған балалар порнографиясы қойылған: РФ 242.1 кодексі бойынша. Осыған орай, мұндай көрменің өтуіне кімнің рұқсат бергенін анықтау қажет”, – деп жазылған хабарламада.

Мәскеудегі көрмеге барлығы 40 жұмыс әкелінген. Автордың айтуынша, суретте жыныстық жетілу кезіндегі әйелдер бейнеленген.  90-жылдардың өзінде бұл суретшінің туындылары өз елінде консервативтік қоғам мен христиан дін өкілдерінің, құқық қорғау органдарының назарына іліккен-ді. Полиция мен ФТБ автордың студиясында тінту жұмыстарын жүргізіп, оны қамауға алған. Христиандық жамағат оның кітапханаларда тұрған фотороботтарын алып жойған. Алайда АҚШ пен Еуропаның Көркем өнер ұйымдары бұл істі жіті тексеріп, артынша тағылған айыптың барлығын шештірген. Десе де, консерваторлар ортасы оның туындылары педофилдерге шабыт береді деп ойлап келеді.


Жіберіп алмаңыз:

Динара Сұлтан көрмеде ұлымен бірге ән айтты (видео)

Майғазиев: Батырхан Шүкенов “ішімдік ішкен әйелден жеккөретінім жоқ” деуші еді

Аргентиналық әйелдер ел парламентінің алдында тыр жалаңаш шешінді (фото)

Мешіт маңында жалаңаш билеп бейнебаян түсірген татар әншісі жұрт алдында ақталды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар