Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан көрмеде ұлымен бірге ән айтты (видео)

Батырхан Шүкеновке арналған көрмеге барған Динара Сұлтан жанды дауыста ән салды. Қолына баласын ұстап тұрып ән айтқан әншінің қарапайымдылығы қонақтарды сүйсіндірді.

image

Фото: instagram.com/dinara_sultan1/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қыркүйектің 15-і күні Алматы қаласындағы сауда орталықтардың бірінде Батырхан Шүкеновке арналған сурет көрме ашылған болатын. Аталған көрмеге марқұм әншінің жастық шағынан бастап, осы күнге дейінгі суреттері қойылған. 100-ге жуық сурет бір ғана суретшіге тиесілі екен.

Көрменің ашылу салтанатына Сәкен Майғазиев, Жанна Орынбасарова, Динара Сұлтан  сынды танымал жұлдыздар мен марқұм әншінің туған ағасы мен анасы да келген-ді. Олар көрмеге қатысты түрлі пікір білдіріп жатты. Ішінде Динара Сұлтан баласымен бірге Батырхан Шүкеновтің “Махаббат – өзен” атты туындысын орындады. Әншінің күтпеген жерден ән айтып, қарапайымдылық танытқаны жұртты сүйсінтті.

“Достар, Есентай моллдағы Батырхан Шүкеновке арналған көрмеге барыңыздар. Сол жерден марқұм әншінің бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған суреттерін көре аласыздар. Ұлымыз екеуіміз барып қайттық. Тіпті жанды дауыста ән айттық”, – дейді Динара Сұлтан.

“Даусыңыз ғажап! Әнді тамаша орындап шықтыңыз!”, “Әдеттегідей жоғары деңгейде”, “Динаражан, жарайсың! Ұлын қолына алып тұрып ән салып тұр ғой”, “Саған қайран қаламын”, “Жаным балапаным, түрінен сол”, “Дәл осындай әндеріңіз үшін көп рахмет” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз: 

Динара Сұлтан “Маржан қыз” әнін гитарамен ерекше орындап шықты (видео)

Динара Сұлтан кезекті бейнебаянына сүйіктісін түсірді (видео)

Елге оралған Динара Сұлтан жаңа бейнебаян түсірді (видео)

Динара Сұлтан өзіне пластикалық ота жасатқан дегендерге жауап берді

Талқылау