Перизат Қайрат сотында Димаш Құдайбергеннің есімі аталды
Фото: Stan.kz
Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат сотында Димаш Құдайбергеннің де аты аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айыпталушы әншіні балаларға арналған фестивальге шақырғысы келген.
"Скиф Трейд" ЖШС-нің өкілі Максим Абдуразаковтың куә болу жайтына сүйенсек, айыпталушы оны ерекше қажеттігі бар балаларды қолдауға арналған фестивальге шақырып, қаржылай көмек көрсетуді ұсынған. Әңгіме 10 миллион теңге жайында болған және іс-шараның хедлайнері ретінде Димаш Құдайберген болатыны хабарланған, – деп оқыды прокурор Арман Кезекен.
Бұған дейін Перизат Қайрат ісінде танымал украиналық әншінің аты аталған еді.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Иван Дорнға Астанада болмаған концерт үшін 9 мың еуро (шамамен 5,5 миллион теңге) төлеген.
"Тінту кезінде болмаған фестивальдерге дайындық құжаттары тәркіленді. Мысалы Иван Дорнның өнер көрсетуі үшін 9 мың еуро көлемінде төленген шот-фактура бар. Бұл "Астана" гольф-клубындағы фестивальде болуы керек еді", – деді прокурор Мадина Оразалина.
Әртістің ақысы төленген, бірақ ол өнер көрсетпеген болып шықты.

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
