Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пентагон "Ислам мемлекетінің" жаңа халифаты құрылуы мүмкін екенін ескертті

«Ислам мемлекеті» террористік ұйымының содырлары Африкада Сирия мен Ирактағы сияқты «өте қатыгез» әдістерді қолданып, бірнеше аумақты жаулап алуда.

Пентагон Африка континентінде жаңа халифат құрылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды The Sun.

Вест-Пойнт антитеррорлық орталығының (АҚШ әскери академиясының) мамандары дайындаған есепте айтылғандай, Африкадағы ИМ-ді қолдаушылар саны үнемі өсіп келеді және бұл террористік ұйымды жеңу туралы айтуға әлі ерте.

Сарапшылардың пікірінше, жиһадшылар соңғы уақытта шабуылдарын күшейте түсті және олардың құрбандары көбейіп келеді. Ең қиын жағдай Батыс Африка мен Үлкен Сахарада байқалады.

2019 жылы лаңкестік шабуылдар көбінесе Нигерия, Нигер, Камерун, Чад, Мали және Буркина-Фасо елдімекендеріне бағытталған, барлығы 186 шабуыл жасалды.

Атап айтқанда, Чад көлі мен Нигерияның солтүстігінде кем дегенде 28 шабуыл болып, соның салдарынан 15-тен астам адам қаза тапты.

Сонымен қатар, Африканың оңтүстік аймақтарына, атап айтқанда Мозамбикке де содырлар шабуыл жасайды: онда 2017 жылдан бері 1,5 мыңнан астам адам қаза болды.

Лаңкестер қазірдің өзінде Мозамбик жағалауындағы бірнеше аралды басып алды. Онда жақын күндері актер Дэниэль Крейг, әнші Боно және Монако ханзадасы Альберт демалып қайтқан еді. Сонымен бірге олар жергілікті тұрғындардың көпшілігін қуып жіберіп, әйелдерді сексуалды құлдыққа салды.

Африкадағы ИМ содырларының қызметі, сарапшылардың пікірінше, ұйым мүшелерінің Сирия мен Ирактағы іс-әрекеттерінен ауқымы мен қатыгездігі жағынан асып түседі. Сонымен қатар, кем дегенде екі елде лаңкестер маңызды аумақтарды басып алып, сол жерде «жалған мемлекеттік іс-шаралар» жүргізе алды.

«Саясаткерлер мен әскерилердің Ислам мемлекетінің Африкадағы қаупін басымдылық ретінде қарастыруы өте маңызды», - делінген Пентагонның есебінде.

Өткен жылдың сәуірінде ИМ террористері Конгода алғашқы операцияны өткізгендерін жариялап, сол жерде өздерінің «халифатының» «Орталық Африка провинциясын» жариялады. Осыдан кейін Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин террористердің бір елден екінші елге өтуі қазірдің өзінде шындыққа айналғанын мойындады. Оның айтуынша, «содырлар қазірдің өзінде Солтүстік Африка аймағына, атап айтқанда Ливияға қоныс аударып, Орталық Африкаға түсіп, материктің оңтүстігіне жетті».

Талқылау