Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педофилді соққыға жыққан сержант бостандыққа шықты

Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласында 5 жасар қызды зорлаған педофилді полиция бөлімшесінде ұрған сержант бостандыққа шығарылды.

20170724215209-768x512

Тура бөлімше ішінде күдіктіні соққыға жыққаны үшін, оны құқық қорғау органдары кінәлап, уақытша тергеу изоляторына қамаған болатын. Сонымен қатар, ол дереу қызметінен де босатылған.

Ал бүгін облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, сержант кепілақымен босатылған. Бірақ, сотқа дейінгі тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Ал инстаграм желісінде жария болған мына видеода сержанттың босап шығып келе жатқаны көрсетілген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай  ер адам 5 жасар қызды алдап пәтеріне апарып, зорлағанын мойындаған еді. Тергеу аяқталған соң сержант шеніндегі қарауыл ашулықтан өзін ұстай алмай педофилді соққыға жықты. Ал дәрігерлер қыздың жағдайы орташа қалыпта деп мәлімдеді. Ал желі қолданушылары болса өз кезегінде сержантты қолдайтын арнайы акция да бастаған болатын.

Ал блогер Айгүл Орынбек болса, бұл жерде сержант ешқандай да “прав” емес деп пікір білдірді. Оның толыққанды пікірін мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Оқи отырыңыз:

Дәрігер үміт жоқ деген: Марлен мен Әнел ауыр дертті қалай жеңгендерін айтып берді

Алматыда ауқатты отбасының баласын өлтірген жүргізуші сот барысында қайтыс болды

ОҚО-да 70 жастағы қария өзіне әйел іздейтінін айтып хабарландыру жариялады

Алматы облысында ұшақ құлап 2 адам қаза болды (видео)

Талқылау